Отан туралы

Ел мен жер егіз. 

Елге бай құт емес, би құт. 

Жұрт дегенде жұмылып, 
Ел дегенде егіліп. 

Иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді. 

Тура биде туған жоқ, 
Туғанды биде иман жоқ. 

Түгел сөздің түбі бір, 
Түп атасы Майқы би. 
 

Елшіге өлім жоқ. 

Елдестірмек елшіден, 
Жауластырмақ жаушыдан. 

Елшінің қылышы – тіл. 

Ел ағасымен жарасады, 
Киім жағасымен жарасады. 

Аталар сөзі – 
Ақылдың көзі 

Туған жер - тұғырың, 
Туған ел - қыдырың. 

Ел қадірін көрген біледі, 
Жер қадірін жүрген біледі. 

Адам елінде көгерер, 
қоға көлінде көгерер. 

Бөтен жердің гүлінен 
Туған жердің тікені артық. 

Өз елімнің басы болмасам да, 
Сайының тасы болайын. 

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. 

Елінен безген оңбайды, 
Көлінен безген қонбайды. 


Ел болам десең, бесігіңді түзе. 
   
Отан – елдің анасы 
Ел – ердің анасы. 

Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 

Отанды сүю – отбасынан басталады. 

Пәлен жерде алтын бар, 
Өз еліңдей қайда бар. 

Туған жердің жуасы да тәтті. 

Әркімнің өз жері - жұмақ. 

Ер елінде, 
Гүл жерінде. 

Өз елінде көртышқанда батыр. 

Өз елінің иті де қадірлі. 

Ауыл итінің құйрығы да қайқы. 

Отан үшін күрес, 
Ерге тиген үлес. 

Құртақандай торғай да, 
Өз ұясын қорғайды. 

Орағың өткір болса, 
Қарың талмайды. 
Отаның берік болса, 
Жауың алмайды. 

Отансыз адам – 
Ормансыз бұлбұл. 

Үйде оңбаған, 
Түзде де оңбаған. 

Елінен безген ер болмас, 
Көлінен безген қаз болмас. 

Сағынған елін аңсайды, 
Сарыала қаз көлін аңсайды. 

Жат елдің қаршығасынан, 
Өз еліңнің қарғасы артық. 

Бақа көлінде патша, 
Балық суында патша. 
Жігіт елінде патша. 

Егілмеген жер жетім, 
Елінен айрылған ер жетім. 

Отанға опасыздық еткенің, 
Өз түбіңе өзің жеткенің. 

Ерінен айрылған көмгенше жылайды, 
Елінен айрылған өлгенше жылайды. 

Ел іші алтын бесік. 

Жері байдың елі бай. 

Отан –қуат, 
Отбасы – шуақ. 

Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы. 

Есің барда елің тап. 

Туған жердің ауасы да шипа. 

Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан. 

Ерден аспақ болса да, 
Елден аспақ жоқ. 

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, 
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой, 
Кіші жүзді найза беріп жауға қой. 

Данышпан айтса, ел айтқаны, 
Елдің қамын жеп айтқаны. 

  Елің - панаң, 
Жерің – анаң. 

Өз елің өзекке теппес. 

Елуінде ер дана, 
Елу жылда ел жаңа. 

Ел жасымен көрікті, 
Тау тасымен көрікті, 
Аяқ асымен көрікті.