Ерлік, батырлық туралы
“Малы жок” деп
Ерден түңілме.
Егіні жок деп
Жерден түңілме.
Ер үмітін ер актар,
Ер атағын ел сактар.
Ер мойнында кыл аркан шірімес.
Ок жетпес жерге кылыш суырма.
Ер картайса, казаншы болады,
Бүркіт картайса, тышканшы болады.
Ер канаты – ат.
Күш атасын танымайды.
Ерді намыс өлтірер,
Коянды камыс өлтірер.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Шын ер – жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.
Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер;
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
Үйде шешен, дауға жок,
Үйде батыр, жауға жок.
Батыр мактанса,
Жауға шапканын айтар.
Ку мактанса,
Алдап какканын айтар.
Ер даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.
Ерді кебенек ішінде таны.
Шешінген судан тайынбас.
Түпкі айылдың батканын
Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттіс кәдірін
Ағайын білмес, жат білер.
Ердің атын,
Не аты шығарар,
Не катыны шығарар.
Ер бір рет өледі,
Ез мың рет өледі.
Тәуекел тау жыгар.
Су жетпейін демейді,
Жар жеткізбейді.
Ер жетпейін демейді,
Мал жеткізбейді.
Бас болмак оңай,
Бастамак кыйын.
Жаман жолдас жауга алдырар,
Жаман би дауга алдырар.
Ер бакыттың
Конғанын білмейді,
Ұшканын біледі.
Корыкканға кос көрінер.
Коркактың көзі үлкен,
Акымактың сөзі үлкен.
Жау жокта батыр көп,
Дау жокта акыл көп.
Кылышынан кан тамған батырды,
Тілінен бал тамған акын алады.
Ердің жаксысы
Елімен ойласады.
Әйелдің жаксысы
Ерімен ойласады.
Ер кәдірін білмеген
Ел кадірін білмейді.
Бірлік кайда болса,
Ерлік сонда.
Еркіндік кайда болса,
Елдік сонда.
Жығылган күреске тоймайды.
Камысты бос ұстасаң,
Колынды кеседі.
Касыңды бос ұстасаң,
Төбеңді теседі.
Көз коркак, кол батыр.
Күшті болсаң – нәпсіңді тый.
Шындык – камал бұзар.
Кырык жыл кырңын болса да,
Ажалды өледі.
Үйренген жау атыспакка жаксы.
Сактыкта корлык жок,
Сәлемде зорлык жок.
Бұка болар бұзау,
Биттейінен белгілі.
Батыр болатын бала,
Титтейінен белгілі.
Ер айтса – ел айтканы,
Елдің камын жеп айтканы.
Елүуінде ер – дана,
Елу жылда ел жаңа.
Ат басына күн туса,
Айыл, тұрман садага;
Ер басына күн туса,
Бастан кұлак садаға.
Арманымен – ер сұлу,
Орманымен жер сұлу.
Өзін өзі білген ер бакытты.
Өзін өзі билеген ел бакытты.