Тіл өнері

Өнер алды — қызыл тіл.


Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.


Шебердің қолы — ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.


Тіл — буынсыз,

Ой - түпсіз.


Тіл жарасы бітпес.


Басқа пәле тілден.


Тіл — тиексіз.


Тіл ерді қабырға салады,

Нарды қазанға салады.


Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.


Қызыл тіл жанның мияты,

Абырой ердің қуаты.


Ашуың келсе — қолың тарт,

Айтпас жерде — тілің тарт.



Адам көңілінен азады,

Тілінен жазады.


Жер астында жатқанды,

Қазбай, қарап тіл табар.


Қойын-қойын сырыңды

Түбінде келіп шын табар.


Аш құлақтан —

Тыныш құлақ.


Сөз тапқанға қолқа жоқ.


Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.


Жыланның тілі айыр,

Жылан мінезді адамның сөзі айыр.


Аңдамай сөйлеген

Ауырмай өледі.


Аяғы жаман төрді былғар,

Аузы жаман елді былғар.


Көп сөйлеген —

Көптен айрылар.


Көп сөз — күміс,

Аз сөз — алтын.


Суды ішім тоқтатар,

Сөзді шын тоқтатар.


Өтірікшінің шын сөзі зая.


Қатты айтсаң,

Қарындасыңа жақпайсың.

Ақырын айтсаң,

Ақың кетеді.


Біреудің сөзі әдемі,

Біреудің көзі әдемі.


«Көрдім» деген көп сөз,

«Көрмедім» деген бір сөз.